KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде заңсыз жұмыс істеген 12 шетелдік анықталды

Фото: azattyq-ruhy.kz

21.06.2023, 10:37 340 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жұмыс істеуге рұқсаты болмаған 12 шетелдік жауапқа тартылды.

«Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс істеген 12 шетелдік азамат ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Ал жұмыс беруші кодекстің екі бабы, яғни шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің келуі туралы хабарламау бойынша жауапқа тартылды. Ол 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деді ШҚО ПД ОӘК бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шибаев.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген 40-тан астам шетелдік азамат анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив