KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

ШҚО-да заңсыз жұмыс істейтін 100-ден астам шетелдік анықталды

28.08.2019, 06:16 436

ШҚО-да қоғамдық көліктердің бірінде кондуктор болып жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының барысында заңсыз қызмет етіп жүрген шетел азаматын анықтады. 26 жастағы өзбекстандық әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5-тарау, 517-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ шетел азаматтарын жұмысқа алуға байланысты заңда көрсетілген тәртіпті бұзған жұмыс беруші де заң алдында жауап береді.

Тәртіп сақшылары ұсынған ақпаратқа сенсек, жедел іс-шара басталған екі күн ішінде 123 шетел азаматы жауапқа тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу