KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Полиция интернет-алаяқтықпен күрес жүргізіп жатыр – Өскемен

Фото: Өскемен қаласының ПБ парақшасынан алынды

22.06.2023, 16:02 444

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізіп жатыр.

Бұл жолы полиция «Казцинк» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Казцинк» кәсіпорнының бірқатар цехының қызметкерлеріне интернет-алаяқтық туралы түсіндірген.

Шара алаяқтық, интернет-алаяқтықтың алдын алу, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына қатысты алаяқтардың іс-әрекеттерінің жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған.

– Біз тәртіпті сақтаймыз, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қылмыскерлер мен алаяқтардан қорғауымыз керек. Сондықтан сіздермен алдын алу жұмыстарын өткізіп жатырмыз, – деді Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Динара Қайыпова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив