KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Полиция ТМК қызметкерлерімен алаяқтық туралы әңгімелесті – Өскемен

Фото: Өскемен қаласының ПБ парақшасынан алынды

19.06.2023, 14:55 394

15 маусымда Ертіс ПБ басшылығы Өскемен қалалық прокуратурасымен бірлесіп қаладағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі – Өскемен титан-магний комбинатының қызметкерлерімен кездесті.

Шара алаяқтық пен интернет-алаяқтыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа түрлері және оның алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар мамандар күдікті қоңырау мен хабарлама түскен жағдайда бірден банкке немесе «102» арнасына хабарлау қажеттігін жеткізді.

Одан өзге, 12-13 маусымда Үлбі ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Казцинк» зауыты электролиз цехының қызметкерлерімен кездесті. Зауыт қызметкерлеріне интернет-алаяқтыққа жол бермеу әдістері үйретілді. Тәртіп сақшылары алаяқтық әрекеттердің жаңа түрлері  туралы ақпарат беріп, алаяқтардың айласына түсіп қалмау жолдарын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу