KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
478.58 520.84 5.44

Интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары тұрақты жүргізіледі – ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат

9.06.2023, 11:05 393

Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында тәртіп сақшылары арнайы шараларды тұрақты жүзеге асырады.

Мамандар мектептегі соңғы қоңырау кештеріне барып, аулаларды аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қалалық ПБ Жедел-криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Рахадылов профилактикалық шараларды жүргізудің жай-жапсарын мәлімдеді.

– Құқық бұзушылықтардың осы түрлерімен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында полиция қызметкерлері халықтың барлық топтарының арасында тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Барлық қызмет саласында қызметкерлер үшін сабақтар ұйымдастырылады, мысал ретінде, есептік кезеңде полиция қызметкерлері мектепте соңғы қоңырауды өткізу кезіндегі салтанатты жиындарда сөз сөйледі, күнделікті қаладағы аулаларды аралау жұмыстары жүргізіледі, БАҚ-тарда ақпарат кеңінен жарияланады. Қылмыстың бұл түрлерімен күресудің жолы – профилактикалық шара өткізу. Сондықтан біз оған баса назар аударамыз, – дейді полиция майоры Азамат Рахадылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив