KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Халықпен кері байланыс жасайтын жаңа жоба жоспарланып отыр – Өскемен

Фото: freeyork.org

29.06.2023, 10:06 304 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында тұрғындармен кері байланыс жасау үшін жаңа онлайн-сервис енгізу жоспарланып отыр.

Осы сервистер арқылы қала тұрғындары әкімдікпен қоқыс шығару, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы мен жолдарды орташа жөндеу мәселелері туралы кері байланыс жасай алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде қала әкімдігі "100 күнде 10000 шұңқыр" телеграм-арнасын таныстырған болатын. Тұрғындар бот арқылы жол шұңқырларын суретке түсіріп, оны жөндеуге өтінім тастай алады. Қазіргі уақытта осы телеграм-бот арқылы қаладағы 5386 шұңқыр жөнделген.

Қала әкімі Жақсылық Омар халықпен кері байланыс орнататын осындай жобалар көп болуы керек екенін атап өтті.

–  Қоқыстарды шығару, жолдарды орташа жөндеу, қалалық коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы бойынша да осындай жобалар қолға алынады. IT мамандары жаңа онлайн-сервисті әзірлеумен айналысатын болады. Жақын арада олар бізге өз ұсыныстарын көрсетеді, біз дұрысын таңдап, әкімдік жұмысына енгізетін боламыз, – дейді қала басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив