KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Өскеменде 3 мыңға жуық шұңқыр жөнделді

25.04.2023, 09:54 281 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында шұңқырларды жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Наурыз айының аяғында қала әкімдігі "100 күнде 10 000 шұңқыр" челленджін бастаған болатын. Тұрғындар көшедегі шұңқырларды суретке түсіріп, “Кептеліссіз қала” бағдарламасы аясында құрылған @oskemen_bot телеграм-ботқа жібере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Арнайы ботқа өтінім беру үшін, алдымен, жеке мәліметтеріңізді тіркеп, шұңқырды суретке түсіріп, оның орналасқан жерін, жанында қандай ғимарат орналасқанын анық толтыруыңыз керек. Телеграм-бот сіздің өтініміңізді тіркеген соң жеке нөмір береді, ал шұңқыр жөнделгеннен кейін сізге өтініміңіздің орындалғаны туралы хабарлама мен суреті жіберіледі.

Арнайы қызметтің өзіндік нұсқаулары бар, соған сай жіберуіңіз керек. Егер пайдаланушы сервистің нұсқауларын дұрыс орындамаған жағдайда өтінім қабылданбай қалуы мүмкін.

Айта кету керек, телеграм-бот тек көшедегі шұңқырларды жөндеуге арналған. Аулаішілік жолдарды жөндеуге әзірге өтінім қабылданбайды. Сондай-ақ шұңқырды жоюға өтінімді жақын (50 метрден аспайтын) жерде жіберу керек. Көшеден суретке түсіріп, оны үйіңізге келіп жіберсеңіз бот жұмыс істемейді.

Қала әкімдігінің айтуынша, егер сіз жіберген шұңқыр орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған көшеде болса, шұңқырды жою үшін шұғыл шаралар қолданылмауы да мүмкін.

24 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 2830 шұңқыр жөнделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив