KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Учаскелік инспекторлардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс қалдыруға болады

16.07.2019, 12:10 165

ШҚО тұрғындары учаскелік полиция қызметкерінің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айта алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Учаскелік инспекторлар халықпен күнделікті тығыз жұмыс істейді. Олардың жұмысын жақсарта түсу үшін ШҚО Полиция департаментінде «жедел желі» қызметін іске қосты.

Облыс тұрғындары 77-54-87 нөмірі арқылы өз ұсыныстарын айтып, қалдыра алады. Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс: сағат 12.30-14.30 аралығында.

Халықпен кері байланыс орнату азаматтық қоғам мен ішкі істер органдарының өзара әрекеттесуі бойынша жұмыстарды жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив