Өскеменде Мемлекеттік корпорация жас жұбайлар мен ата-аналарды құттықтады
Бүгін некеге тұрған алғашқы жас жұбайлар мен туу туралы куәлік алған жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын филиал басшылығы құттықтады.
"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының ШҚО бойынша директоры АХАТ бөлімшелерінде құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын. Естеріңізге сала кетейік, неке қию әлі де АХАЖ бөлімдерінде тіркелуде.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтініштерді қарау, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен жүзеге асырылады. Некені тіркеуге өтініш берген кезде салтанатты жағдайда жас жұбайлардың неке қиюды қалайтынын немесе қаламайтынын таңдау мүмкіндігі сақталады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап некені тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы 3 874 теңгені құрайды.