KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 6 м/с, В
443.16 480.39 4.94

АХАТ функциялары 1 шілдеден бастап мемкорпорацияға өтеді

Фото: www.gov.kz

27.06.2023, 10:01 275 Ләззат Қанатқызы

1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға өтеді. Бұл жаңашылдық АХАТ бөлімдерінің қызмет көрсету сапасын жақсартуды және халыққа қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ бэк-офисінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететінін атап өткім келеді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, оның ішінде ХҚКО операторлары АХАТ ақпараттық жүйесіндегі деректерге қол жеткізе алмайды, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов.

АХАТ бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз. Тек ақылы қызметтердің қосымша құнына салық қосылады, өйткені Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып табылады. Тууды, өлімді тіркеу және басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлемақы алынбайды.

Айта кетейік, азаматтардың кейбір санаттары азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет ақысынан босатылды. Бұл санатқа барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедекті бар азаматтың ата-аналары кіреді.

Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Азаматтар жеке құжаттарын некені тіркеуді белгіленген күні алып баруы қажет. Өтінім берген кезде азаматтар салтанатты жағдайда немесе әдеттегі түрде некесін қиюды таңдай алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив