KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемен тұрғынының көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

20.07.2023, 10:57 304

8 шілдеде Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны арызданды.

Қала тұрғыны үйінің ауласында тұрған көлікті белгісіз ер адам заңсыз иемденіп алғанын айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде 1991 жылы туған азаматты анықтап, ұстады.

ШҚО ПД дерегінше, жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Көлік қолхат бойынша иесіне қайтарылды.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив