Жерлесінің үйін тонап кеткен тұрғын ұсталды - ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2023-02/623bf41db0a8b172405651.webp)
Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген.
Оның айтуынша, белгісіз біреу есікті бұзып, үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2 500 000 теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ақшалай қаражаттан бөлек күдікті үйден смартфон, салмағы 40 кг бал құтысы мен ас үй пышағын да алып кеткен көрінеді.
- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын сотталған ауданның 26 жастағы тұрғыны болып шыққан, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәсін дәлелденген жағдайда, қаскөйді екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Оқи отырыңыз