Өскеменде қыздардың төбелесі бақылау камерасына түсіп қалды
Фото: Видеодан кадр
Өскемен қаласында ЖБО камераларына жаппай төбелес түсіп қалған. Төбелеске қатысқандардың арасында қыздар да болған көрінеді. Тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін үш күдіктіні анықтап, ұстады.
ІІМ-нің Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбада соққы алған жігіт құлап қалғаны таспаланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР ІІМ дерегінше, 9 шілдеде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адам оған дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.
Дерекке сүйенсек, ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.