Өскемен: 40-тан астам жас кәсіпкер мемлекеттен қолдау алды
Фото: opennews.kz
Өскемен қаласында өз ісін бастаған жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам грант берілген.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері грант алуға 280-нен астам тұрғын өтінім берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекет қолдауының арқасында өз ісін бастағандардың бірі - көпбалалы әке Бақат Жетпісбек. Ол өткен жылдың күзінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант алуға конкурстық іріктеуден өтіп, 1 миллион 225 мың теңге көмек алған. Қаражатты алған соң корпустық жиһаз жасайтын шеберхана ашып, үш жұмыс орнын құрды.
Кәмшат Баубекованың айтуынша, биыл Өскеменде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге ұлттық жоба аясында облыстық бюджеттен бір миллион 380 мың теңге көлемінде 90 грант беру жоспарланып отыр.
Мемлекеттен қолдау алғысы келетін қала тұрғындары биыл 120 миллион теңгеден астам қаражат ала алады.