KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мемлекет кәсіп ашуға 1 миллион береді – ШҚО

Фото: Шартты сурет

6.04.2023, 12:09 290

Елімізде кәсіп ашуға мемлекет тарапынан бөлінетін грант көлемі 1 млн 380 мың теңгеге дейін өсті. 
Алайда грантты тек белгіленген санаттарға жататын азаматтар ғана ала алады. Бұл туралы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Осы жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдар ғана грант алуға өтініш бере алады. Олардың қатарына атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері (ата-анасы), асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, «қандас» мәртебесі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бір немесе бірнеше баланы тәрбиелеушілер кіреді. 

–    Аталған санаттардың ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне үш жылдан аз уақыт өтпеген адамдар ғана үміткер бола алады,– дейді Динара Қожанова. 

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге грант бөлу ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты бағдарламасын іске асыру аясында өтіп жатқанын атап өту маңызды. Бағдарлама бойынша елдегі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыру қажеттілігі баса айтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу