Жастар кәсіпкерлігін дамытуға миллиардқа жуық қаржы бөлінді – ШҚО

Фото: crcons.com
Ағымдағы жылы шығысқазақстандық жастар өз істерін дамыту мақсатында 2,5 пайыздық несиелендіру бағдарламасымен 200-ден астам грант ала алады.
Аталмыш мақсатқа мемлекет тарапынан миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Бұл туралы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, ол осы жылдан бастап жастардан басқа тұрғындардың кейбір санаттары да грант ала алатынын жазған болатынбыз.
Оның айтуынша, қандастар, мүгедектігі бар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар да грантқа үміткер бола алады.