Өскеменде төмен бағадағы азық-түлікті қайдан алуға болады?
Фото: zanmedia.kz
Өскемендік тұрғындар тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінен азық-түлікті төмен бағада сатып ала алады. Мамандардың айтуынша, ол жердегі тауар құны нарықтаға бағадан 20%-ға арзан.
Бүгінгі таңда қалада тұрақтандыру қорының 16 нүктесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалпы, облыс орталығында көкөністерді әлеуметтік бағамен сату маусымы 1 қарашада басталады. Қазір қоймаларда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы орайда айта кету керек, елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарларға 19 өнім түрі кіреді, атап айтқанда, қант, күнбағыс майы, макарон, күріш, қарақұмық жармасы және жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері.