Өскеменде тұрақтандыру қорының жаңа нүктелері ашылды
Өскеменде тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуға арналған екі жаңа павильон ашылды.
Өскемен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жаңа нүктелерде тауарлар нарықтан 25-30% төмен бағамен сатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жақында Славский жағалауы, 3 және Лихарев көшесі, 11 мекенжайы маңында тұрақтандыру қорының жаңа сауда павильондары ашылды. Енді "Ертіс" ӘКК АҚ қаланың сауда объектілерімен тұрақтандыру қорының өнімін сауда үстемесінсіз сату туралы серіктестік келісімдер жасасады, - делінген хабарламада.
Қазір тұрақтандыру қорының нүктелеріндегі өнім бағалары төмендегідей: Қант – 469 тенге, тазартылған күнбағыс майы – 630 теңге, қарақұмық жармасы – 420 теңге, картоп – 120 теңге, сәбіз – 120 теңге, қырыққабат – 100 теңге, пияз – 110 теңге.