KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Өскеменде «Таза ойын» эко-сенбілігі басталды

Фото: aigak.kz

21.09.2023, 16:06 673 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында күзгі сенбіліктер маусымы басталды. Осы сенбі күні  «Казцинк» ЖШС компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған «Таза ойын» эко-сенбілігі өтеді.

Қала әкімдігі шаhар тұрғындары мен қонақтарын өзгеше форматтағы сенбілікке қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сенбілікке қатысушылар қала тазалығына ат салысып қана қоймай, қомақты қаржылай сыйлық ұтып алуға мүмкіндігі бар.

- Қоқыс жинау үшін 1 сағат, яғни 11:00-ден 12:00-ге дейін уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде ең көп қоқыс жинаған команда қатысушылары жеңімпаз атанады. Шарт бойынша, бір командада 10 адам болуы қажет. Қатысушылардың жасы 16 жастан асқан болуы міндетті. Ал, 16 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен немесе ресми өкілімен бірге қатыса алады. Жеңімпаз командаға - 400 мың теңге, 2 орын үшін - 200 мың, 3 орынға - 100 мың теңге және ынталандыру жүлдесі - 50.000 теңге беріледі, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

«Таза ойын» эко-сенбілігі 23 қыркүйек күні өтеді. Командаларды тіркеу 10: 00 - де басталып, 10:45-ке дейін жалғасады. Жиналатын орын: Назарбаев даңғылы, 83/1 мекенжайындағы үйдің алаңы.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар қатысушылардан ыңғайлы жұмыс киімімен, қажет болған жағдайда бас киім, антисептик, дымқыл майлықтар, су, жұмыс қолғаптарын бірге алып келуді сұрайды. Егер 20-дан астам қоқыс қаптарын толтыра аламын дегендер болса өздеріңізбен қосымша қаптар алып келуге де рұқсат етілген.  

Қосымша ақпарат алу үшін 8(747)202-13-26 байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив