Веложарыс: Шешек асуынан Сібе көлдеріне дейін
Фото: shutterstock.com
Өскеменде велоспорттан ашық қала біріншілігі өтеді.
Бұл жарысқа ниет білдірген кез келген ер адам қатыса алады екен, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жарысқа қатысушылар 80 шақырымдық қашықтықты еңсеруі тиіс. Яғни Шешек асуынан Сібе көлдеріне дейін апаратын жолды жүріп өтуі керек.
Жарыстың жүлде қоры да қомақты болмақ. Жеңімпаз 400 мың теңгеге ие болса, екіші орын алған велошабандозға 300 мың теңге беріледі. Ал үздік үштікті қорытындылаған қатысушы 200 мың теңгенің сертификатымен марапатталмақ.
Қосымша ақпарат алу үшін WhatsApp-тағы +7 705 500 6574 телефон нөміріне хабарласып, velosport-vko@mail.ru сайтына кіруге болады.