KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

Өскеменде киберспорттан ашық турнир өтеді

Фото: syrboyi.kz

4.09.2023, 17:01 343 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Қала күніне орай, қала Әкімінің кубогына Counter-Strike Global Offensive-тен Double Elimination жүйесі бойынша ашық турнир ұйымдастырылады.

Қатысушы 14 жастан асқан және жеке Steam-аккаунты болуы қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Сіздерді ұмытылмас турнир күтуде. Онда сіздер Киберспорт әлеміне және атмосферасына толығымен еніп көресіздер. Жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге. Яғни, жеңімпаз командаға 300 мың теңге табысталады", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Команда құрамында 5-ойыншы және 1 қосалқы ойыншы алуға болады. Тіркелу  үшін +77762599952 Whatsapp нөміріне хабарласуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу