Өскеменде фильтр шығаратын шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұр
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жеңіл көліктер мен ауыр техникаларға арналған фильтр элементтерін өндіретін шағын кәсіпорынның жұмысымен танысты.
«Бриссоль» ЖШС 2008 жылдан бері кез-келген көлік түрінің фильтрін шығаратын алғашқы отандық өндіруші. Жоғары сапа мен тұрақты бағаның нәтижесінде отандық өндірісті дамытып, шетелдік тауарларды ығыстырып келеді.
Кәсіпорын қазір Камаз, Маз, Ваз, Газ маркалы ресейлік көліктердің және бүгінде кең тараған XCMG, Shantui, Luigong, Heli, Shaanxi, Howo, Nord Benz, Camc, Faw, Cummins сынды қытайлық арнайы автотехникаларға қажет фильтрлерді тапсырыспен шығарады. Бір жылда, шамамен, жырты миллион тауар өндіреді.
Қала әкімі Жақсылық Омар шағын кәсіпорынның өткізу нарықтарын кеңейтуге және инвестиция тарту жағынан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.