Сабын және наубайхана. Өскеменде 2020 жылы жаңа кәсіпорындар ашылады
Өскеменде 2020 жылы бірнеше жаңа кәсіпорын ашылады. Бұл туралы кеңейтілген аппарат кеңесінде қала әкімі Жақсылық Омар индустриалды аймақтарды дамыту туралы баяндамасында айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Қаладағы Машинастроителей көшесінде үш бірдей кәсіпорын ашылады. Бірінші, дәрі-дәрмек сақтауға арналған Фармацевтикалық қойма.
Екінші, пенобетон (көбікбетон) блоктар өндірісі. Алайда бұл іс әзірге тоқталып тұр.
– Сұраныстың аздығынан бұл әзірге тоқталып тұр, – деді Жақсылық Омар.
Үшінші, сұйық сабын шығару ісі.
Сондай-ақ «Өркен-КШТ» индустриялық аумағында астық өнімдерінің түр-түрін шығаратын наубайхана, металл бұйымдар мен дөңгелек шығаратын зауыт ашылады. «Марат М» автокөлік кәсіпорыны да осы аумақтан автобустарға қызмет көрсететін өндірістік база салмақ.