KZ
Өскемен
-4°
снег жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Өскеменде тағы бір маршруттың схемасы өзгерді

10.11.2023, 09:31 383 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде №46 маршруттың схемасы өзгерді.

10 қараша, яғни  бүгіннен бастап аталған аталған маршрут жаңадан ашылған Есенберлин даңғылы бойынша жүреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысынан жаңадан ашылған Есенберлин даңғылы бойынша, Әл-Фараби көшесі, Көкжал Барақ көшесі бойымен Қан орталығына, одан әрі Увалиев көшесі бойымен өтетін болады. Кері бағытта Әл-Фараби көшесі мен жақында ашылған Есенберлин даңғылымен Сәтбаев даңғылының бұрын қолданыста болған бағыты бойынша "У-Ка вокзал" соңғы аялдамасына дейін жүруді жалғастырады, - делінген хабарламада.

Маршрут картасы және аялдамалармен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының ресми парақшасында танысуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу