KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

260-шы микроавтобус жаңа бағытта жүреді

1.03.2020, 15:22 143

Өскеменде 2 наурыздан бастап №260-шы бағыттағы миркоавтобусың қозғалыс схемасы өзгерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасынан кейін микроавтобус Есенберлин, Қазыбек би, Көкжал Барақ көшелері арқылы Әл-Фараби даңғылына дейін жүреді. Ммикроавтобус «Қазыбек би», «Балабақша», «№46 мектеп» аялдамаларына тоқтайды. Әл-Фараби даңғылынан кейін Сәтпаев даңғылына қарай бағыт алады. Осы жерде қосымша «Шайжунiсов» және  «Гумилева» аялдамалары пайда болмақ.  

Кері қайтқанда микроавтобус сол маршрут бойынша жүреді.

Жұмыс күндері микроавтобустың қозғалыс кестесі 9 сағаттан 10 сағатқа ұзартылды, демалыс күндері – 4 сағаттан 6 сағатқа дейін. Жұмыс уақыты: сағат 6:32-ден 21:23-ке дейін (демалыс күндері – 6:36-дан 21:04-ке дейін).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив