Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде дуальды оқыту жүйесін сәтті іске асырып жатыр
Фото: syrboyi.kz
Қыркүйек айынан бастап "Согра ЖЭО" ЖШС облыс орталығындағы болашақ жас кадрларды даярлау бойынша дуальды оқыту нысанына қосылды. Аталған бағдарлама аясында кәсіпорынға 19 студент жіберілген.
Дуальды оқыту – студенттерге кәсіптік дағдыларды арттыруға, практикалық тәжірибе жинауға және мансаптық өсу мүмкіндігі бар кәсіпорында жұмыс істеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Согра ЖЭО" ЖШС-дағы корпоративтік оқыту орталығында студенттер дуальді бағдарлама бойынша білім алуда. Онда жас мамандар кадр резервіне негізгі кандидаттар ретінде дайындалады. Өйткені, олар дуальды бағдарлама бойынша оқудан өтіп, теориялық тәжірибені пысықтап, кәсіпорындағы бос орындарға үміткер болады.
Айта кету керек, дуалды оқыту бағдарламасы Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.