KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 32 мыңнан астам студент қашықтан білім алады

12.08.2020, 06:05 212

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, ШҚО-да техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мектептердегі сияқты жаңа оқу жылын бастаудың екі нұсқасы қарастырылуда.  Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. 

- Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 69 колледждың 32 мыңнан астам студенті білім алады деп жоспарлануда. Өндірістік оқыту, кәсіптік практика, техникалық, технологиялық, медицина және өнер мамандықтары бойынша зертханалық жұмыс сағаттары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жүргізілетін болады.  Саны аз топтарда дәстүрлі форматта өткізіледі, - деді аймақ басшысы.

Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі Даниал Ахметов штаттық режимде оқыту шағын контингенті бар (200-ге жуық студент) және ауылдарда немесе халқы аз қалаларда орналасқан 13 колледжде ұйымдастырылатынын атап өтті. Бұл колледждерде жалпы жиыны 1 721 (мың жеті жүз жиырма бір) студент білім алады. Оқу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, кабинеттік жүйеден бас тартылады.

- Жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасы аясында өңірдегі 5 колледждің базасында WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес келетін құзыреттілік орталықтары ашылады. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстардың 80 пайызы орындалды. Аталмыш орталықтар бірінші қыркүйекке дейін қолданысқа беріледі. Онда өңірдегі басқа колледждердің студенттері мен педагогтары тәжірибелік сабақтар өткізеді, - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылға қарай кәсіптік-техникалық білім беру сапасын 24 пайызға, колледж түлектерін жұмысқа орналастыру үлесін 16 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу