KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
508.91 594.36 6.33

Өскеменнің кәсіпкерлері қала әкіміне тың жобалар ұсынды

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі
22.11.2023, 16:58 395

Өскемен қаласында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар лазерлік галограммамен жарықтандырылуы мүмкін. 

Өскемен қаласы жылдан-жылға көркейіп, ғимараттардың қасбеттері жөнделіп, жарықтандырылып, жаңа ғимараттар мен ескерткіштер бой көтеріп, өскемендіктер мен қала қонақтары тоқтай қалып суретке түсетіндей ерекше ажарланып келеді. Өйткені қаламызда соңғы жылдары абаттандыру мәселесіне ерекше мән беріліп, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Жақсылық Омармен кездесуде кәсіпкерлер тарапынан айтылған тың жобалар мен ұсыныстар да қаланы көркейту шараларының жалғасындай. Мәселен, кәсіпкер Айдос Раимбеков жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен ғимараттардың қасбеттерін лазерлік галограммалық жарықтандыру мәселесі бойынша өз жобасын ұсынды. 

-    Жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер жол белгілерін проекциялауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталып, нәтижесінде қараңғы уақытта және жауын-шашын, тұман сияқты ауа-райының қолайсыздығы кезінде жаяу жүргінші жолы жанып тұрады. Бұл жолдағы оқыс жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді,-деді Айдос Раимбеков.

Тың жобаны құп көрген қала әкімі алдымен құрылғыны бір жаяу жүргінші жолына орнатып көру қажеттігін айтты. 

Қала әкіміне ұсыныспен келген Анастасия Масалимова ата-аналардың тілегін жеткізді. Оның айтуынша, «Алтай» футбол клубында ойнайтын балаларға спорт залы жетіспейді. 

-    Клубтағы балалар Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде (ФОК) жаттығуларыларына жағдай жасалса екен деп келдім. Біздің клуб көптеген жылдар бойы жұмыс істейді және қазір балалардың жүйелі жаттығуына спорт залдары жетіспейді. Клубта 800 бала бар.  Қала басшылығы футбол ойнайтын балалардың спорт залмен қамтылуына көмектескенін қалаймыз»,-деді «Алтай» футбол клубы ата-аналарының бастамашыл тобының өкілі, «Аманат» партиясы жанындағы отбасы, балалар мен аналардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңес төрағасының орынбасары Анастасия Масалимова.

«Oskеmen Creative» жобасымен таныстыруға келген Аяжан Қайырханқызының мақсаты – креативті индустриялар орталығын құру. Жоба авторының сөзінше, бұл креативті индустрияға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің тізімінен идеяларды іздеуге, әзірлеуге және іске қосуға бағытталған көпфункционалды, білім беру мен көрме орталығы, шығармашылық идеялар алаңы болмақ. Кәсіпкер Андрей Садоянның  IT – жобасы  көтерме-бөлшек сауданы цифрландыруға бағытталған.      

                               

Кәсіпкерлердің ерекше жобалары мен ұсыныстарын қолдаған қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
    
   

Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу