Өскеменде 25 шақырымдық жаңа тротуарлар жасалды (видео)
Облыс орталығында жыл басынан Зайсан, Малдыбаев, Свобода, Өскемен, Нефтяной және тағы да басқа көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салу қолға алынған еді. Сол жұмыстардың бірқатары аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мысалы, номер 45, 4, 35, 23, 2 мектептерге апаратын ыңғайлы тротуарлар жасалды. Сондай-ақ, Абай даңғылының бойындағы автовокзалдың маңында тротуарлар мен демалыс орны пайда болды. Бұл тротуарлардың жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асады.
Одан бөлек, қаланың көшелерін қайта құру мен жөндеу нәтижесінде де жаңа тротуарлар жасалуда: Промышленная, Рабочая, Пограничная көшелері, Шәкәрім даңғылы, Өскемен-Семей автожолы. 19-шы ықшам ауданын абаттандыру аясында жаяу жүргіншілерге арналған бір шақырым жол төселді.