KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шемонаиханың жолдары жөнделеді

9.06.2020, 11:24 117

Шемонаиха қаласында жыл соңына дейін жолдарға асфальт төселіп, жол белгілері жаңартылады деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі таңда көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар пайда болып үлгерген. Қала ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған барлық жолдар абаттандырылмақ екен.

Сонымен қатар, Вокзальная, А.Иванов атындағы және тағы да басқа көшелердегі ескі аялдамаларды ауыстыру жоспарланған. Жаңа аялдамалар сапа мен қауіпсіздіктің стандарттарына сай етіп темірден жасалады.

Одан бөлек, Шемонаихада жарамсыз болып қалған жол белгілері ауыстырылмақ.

Фурманов, Усвайский көшелеріне жаңа асфальт төселеді, Вокзальная, Калинин және тағы да бірқатар көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив