KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Құтқарушылар өрт кезінде тоғыз қабатты үйден 15 тұрғынды аман алып шықты - Өскемен

2.12.2023, 20:10 252 Назерке Каримова

2 желтоқсанда Өскемендегі Серікбаев көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы дәлізде қоқыс өртенді.

Шақырту түскен бойды оқиға орнына ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Алдымен құтқарушылар 15 тұрғынды сыртқа алып шыққан, оның үшеуі - бала, 

- Құтқару операциясымен бір  мезгілде жанып жатқан ескі жиһаз, терезе ойықтарын, қоқысты сөндіру жұмыстарын жүргізді, өрт аумағы 
 20 шаршы метрді құрады. Құтқарылған азаматтарды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тексерді. Болжам бойынша өрттің себебі отпен абайсызда жұмыс істеу болды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Оқиға кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив