Бір тәулікте Өскеменнен 50 текше метр қоқыс шығарылды
Фото: depositphotos.com
Облыс орталығының коммуналдық қызметтері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қоқыс тастауға рұқсат етілмеген жерлерді қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– 20 мамырда ғана 15 учаскеден 50 текше метр қоқыс шығарылды. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін жалғасады, – деп мәлімдеді «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК-ның баспасөз қызметі.
Ауқымды акция басталғалы бері 405 учаске тазартылып, 3364 текше метр қоқыс шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық қызметтер үлкен көлемдегі қоқыстарды шығарумен айналыспайды.
Оқи отырыңыз