KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
498.65 589.06 6.49

Өскеменде аулалар жаңарып жатыр: тұрғындар пікірі ескеріледі

6.05.2025, 09:00 342 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қазыбек би мен Есенберлин даңғылдарындағы бірнеше көпқабатты үйдің ауласы жаңартылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімі Алмат Ақышов Қазыбек би даңғылындағы №46, 48, 50, 52 және Есенберлин даңғылындағы №19, 21, 23 үйлердің аулаларын көріп, сол маңдағы тұрғындармен жүздесті. Кездесу кезінде тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, болашақтағы балалар алаңы мен ауланың жай-күйіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Балалар да ой бөлісіп, қандай ойын алаңы болғанын қалайтынын айтты.

Жоспар бойынша аулаға қауіпсіз балалар алаңы салынады, спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнатылады. Барлық жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға да ыңғайлы жағдай жасалмақ.

Әкім әр тұрғынның пікірі маңызды екендігіне тоқталды. Өйткені аула – бұл жай ғана аумақ емес, ол – адамдардың күнделікті өмір сүретін, балалардың ойнайтын, үлкендердің демалатын ортақ кеңістігі.

Абаттандыру жұмыстары таяу күндері басталмақ. Қала көркі – бәрімізге ортақ. Сондықтан әр тұрғынның белсенділігі маңызды.

Фото/видео: Өскемен қаласының әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу