Биыл Өскеменде қандай аулалар жөнделеді?

Фото: Өскемен қаласы әкімдігінен
Өскемен қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қоғамдық орындар жаңартылып, аулалар абаттандырылып, спорттық инфрақұрылым дамып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы жылдың басты міндеттерінің бірі – скверлер мен серуен аймақтарын жаңғырту. Атап айтқанда, Халифа Алтай мешітінің алдындағы және Орталық мәдениет үйі маңындағы скверлер жаңартылады. Сонымен қатар Протозанов жағалауы жөндеуден өтуде, Бейбітшілік, Чехов, Абай және Жеңіс көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдары жаңартылуда.
Сондай-ақ ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен Өскеменде жаңа саябақ ашу жоспарланып отыр. Ол Ертіс өзені арқылы өтетін көпір мен Республика алаңын байланыстыратын болады. Бұл жоба қаланың заманауи дамуына бағытталған маңызды қадам болмақ.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 10 аула абаттандырылады. Олардың қатарында Михаэлис көшесі, 20, 20/1, 18/1, 22/1; Қазыбек би көшесі, 38, 40, 42; Алматы көшесі, 71, 58, 56; Назарбаев даңғылы, 63/1, 65/1, 69; Ә. Қашаубаев көшесі, 9, 13; Астана көшесі, 22/1, 22; Назарбаев даңғылы, 29/2, 31, 31/1, 33, 35, 36/1, 35/2, 93; Шәкәрім даңғылы, 150, 150/; Қабанбаев көшесі, 93; Гагарин көшесі, 26, 26/1 мекенжайларындағы аулалар бар.
Сонымен қатар сегіз көшеде жаңа балалар ойын алаңдары орнатылады. Олар: Халықтар достығы көшесі, 2/3; Көкжал Барақ көшесі, 4/2; Астана көшесі, 38; 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 18; Есенберлин көшесі, 2/2; Буров көшесі, 27; Сәтпаев даңғылы, 9/1; Әл-Фараби даңғылы, 26/2.
Аулаларды жаңғырту жұмыстары аясында Қазыбек би көшесі, 38; Әл-Фараби даңғылы, 28; 20-шы ықшам аудан (Шайжүнісов пен Жидебай көшелерінің арасы); Әуезов даңғылы, 4 мекенжайларында футбол алаңдары салынады. Ал Қазыбек би көшесі, 7/1 мекенжайында баскетбол алаңы орнатылады.