KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.2020, 09:53 167

Өскеменде 20 шақты аулада балаларға арналған ойын алаңдары орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

20 ауланың жартысына жуығы 19-шы ықшам ауданда орнадасқан. Мұнда 20 000 адам тұрады. Олардың көбі - жас отбасылар. Бұл ауданда абаттандырудың жеке бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарламаға сәйкес аула арасындағы жолдар, тротуарлар, көше жарығы, су бұратын каналдар салу жоспаланған.

Сонымен қатар, ықшам ауданда гүлзарлар, газондар мен ағаштар пайда болады. Есенберлин даңғылының бойында ұзындығы 1 шақырым болатын аллея бой көтереді. Одан бөлек үш футбол алаңы салынады.

Жұмыс барысын арнайы құрылған жұмыс тобы күнделікті бақылап отырады.

Жалпы жаз көлемінде қала аумағында барлығы 55 аула абаттандырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив