KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Некені енді Халыққа қызмет көрсету орталығы тіркейді

3.04.2023, 23:06 335 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда 1 шілдеден бастап некені Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркейтін болады. 

  Әділет министрлігінің баспасөз қызметі аталған жаңашылдық жайлы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Некені тіркеу биыл шілде айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады. 

«Қазір «Неке және отбасы туралы» Кодекске сәйкес, Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ ) бөлімі тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды және бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Сонымен қатар аты-жөнін ауыстырғанда, ата-ана болуды анықтағанда, бала асырап алған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларын түзетеді, қалпына келтіреді және жояды. Сол сияқты бастапқы және қайталама куәліктерді, электронды нысандағы немесе қағаз жеткізгіштегі анықтамаларды, азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін береді. Одан бөлек, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптары мен куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді», деп көрсетілген министрліктің ресми ақпаратында.

Президенттің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Ал Әділет министрлігінде мемлекеттік деректер қорларын және ақпараттық жүйелерді жүргізу, әдістемелік және нормативтік қамтамасыз ету функциялары қалады.

«2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функция биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорацияға беріледі», делінген ресми хабарламада.

Алайда АХАТ функциясын мемлекеттік корпорацияға беру АХАТ қызметін жоюды көздемейді екен, олар тиісті құзыреті бар мемлекеттік корпорацияда орналасады.

Неке туралы кодекстің 13-бабына сәйкес, неке тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некені тіркеуші орган болып мемлекеттік корпорация анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив