KZ
Өскемен
-21°
небольшой снег жел 1 м/с, В
514.74 599.36 6.71

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасының өсімі тіркелмеді

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 11:22 1 291

Өткен аптада елде әлеуметтік азық-түлік бағасының өсімі тіркелемеді.

Сенбі күні Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңес өтті, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Кеңесте өңірлердегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша апталық жұмыс қорытындыланды.

  "Өткен аптада елдегі ӘМАТ бағасының жалпы өсу индексі 0%-ды құрады. Сонымен қатар қырыққабат, қарақұмық, жұмыртқа және күнбағыс майы бағасының төмендеуі жалғасуда. Ерте пісетін өнімді жинауға байланысты картоп пен сәбіз бағасында шамалы маусымдық өсім байқалады", – деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу