KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Автокөлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

Фото: egemen.kz

21.06.2023, 11:36 317

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ.Құдайбергенов және оның сыбайласы Б.Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

Сондай-ақ сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.

      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу