KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

Жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Фото: egemen.kz

24.06.2023, 14:30 280

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды "Азаматтық авиация күні" деп белгілеуді ұсынды. «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылған.

Қаулы жария талқыға Ашық үкімет порталында ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан", - деп жазылған қаулы жобасында.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу