KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ҰБТ қатысушысы костюмнің кеудесін ойып, смартфон салып өткен

Фото: egemen.kz

10.07.2023, 17:11 623

Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушыларға қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Биылғы ең креативті көшіру тәсілі деп костюмінің кеудесін ойып, смартфонды соған салып өткен оқушыны айтуға болатын шығар. Осындай тәсілмен ол смартфонның экранына «терезе» ашып қойған. Сол «терезе» арқылы ашып-жауып отырған. Әрине, біз мұны ахуал орталығы арқылы байқап қойдық. Ол талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылды.
Біз денсаулығында кінәрат бар балаларға витамин немесе дәрі алып кіруге рұқсат береміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формула жазып кірген жағдай болған, – дейді орталық директоры.

Ол сонымен қатар ҰБТ-ға қатысушылар қаламсап арқылы да түрлі қитұрқылық істейтінін айтты.

– Тіпті арнайы қаламсаптар да болды. Осыған байланысты біз шешім қабылдамақпыз. Келесі жылы ҰБТ өткізген кезде қаламсапты да аудиторияда беретін боламыз. Биыл әр оқушыға өз қаламын әкелуге рұқсат бергенбіз. Бірақ оны шпаргалка жасыруға пайдаланған жайттарды көрдік. Осы фактілерді ескеріп, осындай шара қабылдап отырмыз, – деді Руслан Емелбаев.


                                  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу