KZ
Өскемен
+1°
снег жел 7 м/с, Ю
529.99 546.63 5.21

ҰБТ кезіндегі бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі

Фото: Шартты сурет

23.05.2023, 17:33 490

Биыл ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеуге қатысты бейнежазбалар 31 қазанға дейін талданып, түсірілген видео тексерілмек.

Биылғы ҰБТ-ның жай-жапсары туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Тест тапсыруға кіргізу кезінде тиісті металл іздегіштер пайдаланылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ереже бұзуға және тыйым салынған заттарды (ұялы телефон, шпаргалка) алып өтуге жол бермеу мақсатында жасалады, – деді Руслан Емелбаев.

Дерек бойынша, калькулятор мен Менделеев кестесі компьютер экранында, ал негізгі ҰБТ-да химия бойынша тұздардың ерігіштік кестесі қағаз нұсқада ұсынылады.

– Тестілеу аяқталған соң әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау болады. Балалар өз нәтижелерін, сондай-ақ қай тақырыптан қате жібергенін көріп, ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға дайындығын жақсарта алады, – деді ҰТО басшысы.

ҰТО директоры тест тапсырғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі бар екенін де жеткізді. Сертификатты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінен алуға болады.

– 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін, 31 қазанға дейін тестіге қатысты бейнежазбаларға талдау жасалып, түсірілген видео тексеріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда бұл талапкерлердің ҰБТ-ға қатысты нәтижелері жойылады, – деп атап өтті Руслан Емелбаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу