Шетелдік инвестициялардың көлемі 28 млрд долларға жетті
Фото: egemen.kz
Былтыр елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 28 млрд долларға жетті.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның сөзінше, былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28 млрд долларға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 17,7%-ға артық. Алмас Айдаровтың айтуынша, аталған меже – кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш, яғни соңғы рет ең көп инвестиция 2012 жылы тартылған. Онда қаражаттың жалпы көлемі 28,9 млрд доллар болған еді.