KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО – шетелдік капиталды тартуда белсенділік танытқан өңір

Фото: Шартты сурет

11.04.2023, 12:40 285

Былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 28 млрд долларды құраған. Бұл соңғы 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. 
Шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытқан өңірлер қатарында ШҚО да бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 
Елге былтыр тартылған инвестиция көлемі 2021 жылғы көлеммен салыстырғанда 17,7%-ға (23,8 млрд доллар) артқан. 
Үкімет пен өңірлердегі әкімдіктердің жұмысының арқасында өткен жылы ҚР Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3%-ға асыра орындалды (жоспар – 24 млрд доллар).

Фото: primeminister.kz 
Қазақстанға инвестиция құю бойынша алдыңғы орындарда тұрған елдер: Нидерланды – 8,33 млрд доллар (өсім – 19,7%), АҚШ – 5,1 млрд доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 млрд доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 млрд доллар (+46%), Ресей – 1,52 млрд доллар (-19,7%), Оңтүстік Корея – 1,48 млрд доллар (+84,8%), Қытай – 1,43 млрд доллар (-22,5%), Франция – 770,2 млн доллар (+27,4%), Ұлыбритания – 661 млн доллар (-35,7%) және Германия – 469,5 млн доллар (+45,4%). 

Фото: primeminister.kz 
Ал инвестиция ең көп тартылған салалар: тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, көлік және қоймалау, құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметі, электрмен жабдықтау және газ беру. 
Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда Атырау облысы, Алматы мен Астана, ШҚО, БҚО, Алматы облысы, Ақмола облысы, Қызылорда облысы, СҚО, Жамбыл облысы аса белсенділік танытқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу