Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сәл арзандады
Фото: egemen.kz
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 8,4%-ға өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады", - деп жазды ведомстводан.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай:
күнбағыс майы – 796 тг/л;
айран – 412 тг/л;
пияз – 193 тг/кг.
Оқи отырыңыз