Биыл 176 ауыл интернетке қосылады
Фото: egemen.kz
Шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бірқатар құзырет беру жоспарланып отыр.
Биыл 176 елді мекенге интернет тартылады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осы жұмыстарды іске асыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мына құзыреттер берілмек:
- төтенше жағдайлар кезінде ұялы байланыспен қамтамасыз ету үшін жылжымалы ұялы базалық станцияларды пайдалану қағидаларын бекіту;
- спутниктік технологиялар арқылы ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету.