Жол бойындағы интернет тарататын антенна-діңгектердің саны артады

Фото: pexels.com
Еліміздің жолдарында мобильді интернет тарататын 500-ге жуық антенна-діңгек орнатылады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында айтылған.
Дерекке сүйенсек, 2027 жылға дейін ауылдарды тіркелген интернетпен қамтуды 44-тен 100 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысының дерегінше, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру аясында 2019 жылдан бастап инфрақұрылымды, оның ішінде инженерлік (жабдықтар, жылумен, электрмен жабдықтау объектілері және сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау желілері) және көліктік (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру) инфрақұрылымдарды жаңғырту жолымен ауылдық елді мекендерді жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Мәселен, 2019-2022 жылдары 3,5 мың ауылды дамытуға 337,7 млрд теңге бөлініп, 3,6 мыңнан астам жоба іске асырылды.