KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Мемлекеттік ормандағы ағаштарды кесуге 10 жылға тыйым салынбақ

Фото: egemen.kz

23.07.2023, 10:36 305

Қазақстан бойынша мемлекеттік орман аумағындағы ағаштарды кесуге тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Ағаштардың қурау және құрып кету қатерiн болдырмау мақсатында 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақты ағаштарды басты қажеттілік үшін кесуге тыйым салынсын", - делінген Ашық НҚА портылында жарияланған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.

Құжат 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қойып, ресми жарияланған алғашқы күні күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу