KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шырша кесуге тыйым салынды – ШҚО

13.07.2023, 15:10 190 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-дағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды.

Айта кету керек, шырша көшетіне майқарағайлы, самырсын, шырша жатады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ШҚО облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды. Бұйрық 23 шілдеде күшіне енеді.

  "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өрт сөндіру үшін ағаш кесуді қоспағанда, шыршаларды санитарлық кесуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңірде бірнеше орман өрті тіркелген болатын. Атап айтқанда, 17 маусым күні Катонқарағай саябағы мен Батыс Алтай қорығында өрт шықты. Оны ауыздықтау үшін "Қазавиалесоохрана" мекемесінің қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері және ШҚО әкімі аппараты әуе бөлімшесіндегі жеке құрамның 111 адамы, үш техникасы және екі тікұшағы жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт 19 маусымда толықтай ауыздықталды.

Ал 26 маусым күні  Приморск орман шаруашылығы аумағында, 5 шілдеде Асубұлақ орман шаруашылығында ірі өрт шықты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу