Әскерге бармағандардың әскери билеті онлайн форматта беріледі
Фото: egemen.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатынын айтты.
Бұл бюджет қаражатын үнемдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді. Сонымен қатар әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз, – деп түсіндірді Дархан Ахмедиев.
Яғни мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электронды нұсқада көрсетіледі. Министрдің орынбасары атап өткендей, бұл ұсынысты іске асыру үшін қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.
Оқи отырыңыз