KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Сел мен жер сілкінісінің қаупін болжайтын станциялар тозған

Фото: egemen.kz

28.07.2023, 17:26 238

Қазақстанда сейсмикалық қауіпті нақты болжау үшін ел бойынша 285 сейсмостанция мен 11 биостационар қажет.

Бұл мәселе Ашық НҚА порталында жарияланған сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көтерілген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазір сейсмикалық аудандарда жұмыс істеп тұрған станциялар мен биостационарлардың саны аз. Тиісінше, ол бағалау және тәуекелді анықтау бойынша қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік бермейді. Мәселен, сейсмикалық бақылауды «СТӘЭ» ЖШС-нің 69 сейсмологиялық станциясы жүргізеді. Оның алтауы істен шыққан. Бүгінде станциялар Алматы, Шымкент қалалары мен 12 облыстың аумағында бар, - деген деректер келтірілген кешенді жоспарда.

Бүгінде Алматы қаласынан басқа сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан ірі шаһарларда қауіпті анықтайтын бірде-бір заманауи құрылғы жоқ.

– Мамандардың есебіне сәйкес, сейсмикалық қауіпті сапалы болжау және оның алдын алу үшін республиканың бүкіл аумағында қосымша 285 сейсмостанция мен 11 биостационар қою қажет, - деп мәселені шешуге бағытталған ұсыныс жазылған құжатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив